Енді қазақстандықтар мейрамханаларда 10% қызмет ақысын төлемеуі мүмкін

259

Қазақстанда мейрамханалар мен дәмханаларда қызмет көрсету үшін алынатын 10 пайыздық төлемді алып тастау бойынша заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр. 

Енді қазақстандықтар мейрамханаларда 10% қызмет ақысын төлемеуі мүмкін Фото: Klaus Vedfelt

Бұл туралы Сауда және интеграция Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз қазір ішкі сауда ережелеріне өзгерістер әзірлеп жатырмыз. Біздің ойымызша, егер сізге қызметтер ұсынылса әрі оның ішіне қызметтің өзі кірсе, қосымша ақы алынбауы керек. Бұл өзгерістерді бәрі бірдей қолдауға дайын емес екені түсінікті. Бұл шайпұл мен әртүрлі жарналарды мәжбүрлеп төлеуге қатысты болады", - деді министр Сенат кулуарында.

Шаққалиевтің сөзінше, бүгінде шайпұлдар чектің ішінде міндетті бөлік ретінде енген.

"Енді шайпұлдар міндетті бөлік ретінде болмайтындай өзгерістер дайындап жатырмыз. Қызмет көрсеткені үшін алынатын 10 пайыз жойылады. Егер де қызметтің жалпы құны көрсетілсе, неге 2 рет төлеуіңіз керек", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу