Енді қазақстандықтар Таиландқа 30 күнге визасыз бара алады

620

Бұған дейін екі ел арасында визасыз режим сынақ түрінде енгізілген болатын.

Енді қазақстандықтар Таиландқа 30 күнге визасыз бара алады Фото: canva.com

Сыртқы істер министрлігі Ашық НҚА порталында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд корольдігінің Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы" Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобада келісім мәтіні таныстырылған. Оған сәйкес, қазақстандықтардың Таиланд аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін оларды визалық талаптардан босату жоспарланып отыр. Бұл ретте 180 күн ішінде азаматтың Таиландта болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ, жолаушылардың паспортының жарамдылық мерзімі 6 айдан кем болмауы тиіс. 

Сәйкесінше, Таиланд корольдігі азаматтарының Қазақстанда болуы үшін де дәл осындай шарттар қолданылады. 

Көрсетілген мерзімнен артығырақ болу үшін азаматтар виза рәсімдеуі тиіс.

Еске салайық, Қазақстан мен Таиланд арасында визасыз режим 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 2024 жылғы 29 ақпан аралығында уақытша, сынақтан өткізу мақсатында енгізілген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу