Енді қазақстандықтар жеке куәлігінің фотосын таңдай алады

721

Бүгінде жаңа қызметті іске асыру мәселесі пысықталып жатыр.

Енді қазақстандықтар жеке куәлігінің фотосын таңдай алады

Қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлігінің фотосын өздері таңдай алады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Азаматтарға арналған үкімет" ІІМ-мен бірлесіп, ХҚКО-ларда өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарын іске қосу бойынша жоба әзірлеуде.

"Тұрғындар (халыққа қызмет көрсету орталығына) келіп, суретке түсіп, оның ең жақсы нұсқасын таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Бүгінде біз бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесін шешіп жатырмыз. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтанда аталған терминалдарды іске қосамыз", – деді басшы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу