Енді қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша әлеуметтік төлем аударғанын тексере алады

1113

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы "Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" сервисін іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Енді қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша әлеуметтік төлем аударғанын тексере алады

Бұл қызметкерге есептелген жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын тексеріп, қарап шығуға мүмкіндік береді.

Сервисте 2020 жылғы барлық кезең қамтылған.

"Деректерге қол жеткізу үшін электронды цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.
Деректерді қарау үшін "Салық әмияны", "Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет", - деп жазылған Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті таратқан хабарламада.

Жеке тұлғалар жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі арқылы деректерді қарай алады.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеп алуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу