Енді кез келген адам несие ала алмайтын болады

Бұған халыққа берілетін несиелер санының күрт артуы әсер еткен. 

Енді кез келген адам несие ала алмайтын болады Фото: canva.com

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов қарыз алушылардың борышын шектеу туралы норматив енгізілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырысында халықтың тұтынушылық кредиттері 34,5%-ке өскені сөз болды. 

− Халыққа берілетін кредиттер өсіп келеді. Оның өсімі 24,4% құрады. Оның ішінде тұтынушылық кредиттер 34,5%-ке өсті. Халықтың шамадан тыс берешегін болдырмау үшін қаржы реттеушілерінің, Үкімет пен Парламенттің ортақ бастамасымен заң қабылданды. Мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кредит беруге тыйым салынды. Қарыздарды коллекторларға беруге екі жылдық мораторий енгізілді. Тұтынушылық қарыздардың ең жоғары сомасы белгіленді. Қарыз алушының борышын шектейтін жаңа норматив енгізілді, – деді Ұлттық банк төрағасы. 

Тимур Сүлейменов биыл Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп жеке тұлғаларды кредиттеу сегментінде капиталдың контрциклдік буферін қолдану мәселесін және басқа да шараларды әзірлейтінін жеткізіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу