ҚАБА (Қазақстан АвтоБизнес қауымдастығы) электронды автоқұжат енгізуді бастайды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл электронды құжатқа көліктің "өмір" тарихы енгізілетін болады. Мысалы көліктің техникалық қызмет көрсету сапасы, оның жол апаттарына қатысы бар - жоқтығы, көлікке қойылған өзге де шектеулердің бәрі электронды паспортта көрсетіледі.
Көлік құралдарының құжатын осы жылдың 1-маусымынан енгізу ЕАЭО ішінде құжат толтыруды жеңілдетіп, бизнестің операциялық шығындарын төмендетеді, сондай-ақ автокөлікті пайдалануда ашықтық пен қадағалауды жеңілдетеді.
Енді қайталама нарықтан көлік аларда кез-келген адам оның бұрынғы тарихын біле алады.
Электронды жүйеге өту кезең-кезеңімен іске асырылады. Құжат ЕАЭО елдерінде бірдей болады.