Енді көлікке қатысты толық ақпаратты "ЦОН" мобильді қосымшасынан алуға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ЦОН" мобильді қосымшасында жаңа "Көлік тарихы" қызметі іске қосылды. Бұл арқылы көлік жайлы толық ақпаратты білуге болады. Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
Ақпаратта көрсетілгендей, жаңа қызмет ақылы болмақ. Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.
Корпорацияның хабарлауынша, бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.