Енді көліктен басын шығарғандар айыппұл төлейді

355

13 наурыздан бастап Әкімшілік кодекстегі өзгерістер күшіне енді. 

Енді көліктен басын шығарғандар айыппұл төлейді Фото: freepik

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев жүріп келе жатқан көліктен басын шығарғаны үшін қазақстандықтарға 39 мың теңгеден аса айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізде кейбір кезде жастар көліктен басын шығаратын қауіпті жағдай болып жатады. Осы бойынша да әкімшілік кодекске және заңдарға өзгерістер енгізілді. Бұл норма ең алдымен жолаушыларды тасымалдау кезінде өмірі мен денсаулықтың қауіпсіздігіне бағытталған. Мектеп бітіру кештерінде, үйлену тойлары кезінде көптеген кісі өздерінің қауіпсіздігіне мән бермей, осындай әрекеттер жасап отыратыны рас", – дейді ол.

Көп жағдайда тойда және және да салтанатты жиындар кезінде қазақстандықтар өз қауіпсіздіктерін ойламайды. ІІМ бұл шара азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталған дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу