Енді компанияны жабу қиындық тудырмайтын болады

1354

Енді компанияны жабу қиындық тудырмайтын болады

Мемлекеттік кірістер және жекешелендіру комитеті салық бойынша баламалы аудитты кеңейтуге күш салып жатыр деп хабарлайды LS.

Ведомствоның берген мәліметі бойынша, дайындалып жатқан жаңа бастама бизнес-бірлестіктердің де ұсынысын ескереді.

Әсіресе, жабылып жатқан салық төлеушілерге арналған жалпы жиынтық жылдық табыс шегін кеңейтуге, сонымен қатар аудиторлық ұйымдарға қатысты лизензиядан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікті алып тастауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Аудиттің бұл баламалы артықшылығын жылдық табысы 60 мың АЕК көлемінен аспайтын заңды тұлғалар ғана пайдалана алған.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес-ұйымдардың ұсынысы ескеріле отырып, жалпы жиынтық жылдық табыс шегі  120 АЕК-ке дейін көтерілді.

"Бұл бастама бюджетке қосымша қаржы түсімін арттырады, салық төлеушілердің салықтық тексеріс жүргізбей-ақ жабылу процедурасын жеңілдетеді, жоспардан тыс ликвидациялық салықтық тексерістердің санын азайтады және аудиторлық нарық қызметінің аясын кеңітеді", - деді Мемлекеттік кіріс комитетінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу