Енді көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді

781

Бұған бюджеттен 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген.  

Енді көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді Фото: inbusiness.kz

2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ustinka.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір өңір бойынша мұндай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала ие. Бұған 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген. 

2025 жылы өңірде жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарланып отыр. 

"Енді келесі жылдан бастап "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді", – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу