Енді көріпкелдің қызметіне жүгінген адамдар жауапқа тартылады

562

Тексерулер барысында 150-ден астам азаматтың көріпкелдер мен емшілерге жүгінген анықталды. 

Енді көріпкелдің қызметіне жүгінген адамдар жауапқа тартылады Фото: qaragandyhabary.kz

Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі көріпкелдер мен емшілерге ғана емес, олардың клиенттеріне де заңды шара қолданады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Avesta.tj порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық тексерулер барысында 150-ден астам азаматтың көріпкелдер мен емшілерге жүгінген анықталды. 

"Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін көріпкелдер мен сиқыршыларға жүгінген барлық азаматтар Ішкі істер министрлігінің бөлімшелеріне жеткізіледі. Олардың деректері Ішкі істер министрлігінің мұрағатына енгізіледі", – деп хабарлады министрлік.

Тәжікстан азаматтарының балгер мен көріпкелдердің қызметіне не себепті жүгінгені белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу