Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары балабақшаға кезексіз қабылданады

837

Indigo жүйесінде азаматтардың аталған санаттарына өз мәртебесін жұмыс орнынан алынған анықтамалармен растауға мүмкіндік беретін жаңарту қосылған. 

Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары балабақшаға кезексіз қабылданады

Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары да, әскери қызметшілердің балалары секілді, балабақшаларда кезектен тыс қабылданады. Жақында заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы Indigo порталында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, құқық қорғау органдарына: прокуратура органдары, ішкі істер органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жатады.

Жеңілдік тек балалардың тұрғылықты жерінде ғана қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу