Енді ломбардтарға талаптарды Ұлттық экономика министрлігі бекітпейді

811

Бас банк ведомствоны бұл құзіреттен айыруға шешім қабылдады.

Енді ломбардтарға талаптарды Ұлттық экономика министрлігі бекітпейді

Бас банк Ұлттық экономика министрлігін ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыруға қатысты талаптарды бекіту құзыретінен айыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұсынылып отырған реттеу түрін енгізуге байланысты ұлттық экономика министрлігінің ломбардтарға қатысты функцияларын жою және оларды қаржылық нарық және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша мемлекеттік органға беру көзделеді", – делінген қаржылық реттеуші жариялаған "Кәсіпкерлік субъектілердің қызметін қарыз беретін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (онлайн кредиторлар, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар) реттеу бөлігінде реттеуді қатаңдатуды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау" атты құжатта.

Бұдан бөлек мемлекет онлайн-қарыз беруші ұйымдар, ломбардтар, кредиттік серіктестіктердің табатын пайдасын шектеуге ұйғарды.

Қазақстанда микрокредиттеу бойынша сыйақы мөлшерлемелерін реттеу енгізілген жағдайда, аталған қарыз беруші ұйымдардың СЖТМ-і 56%-бен шектеледі. Сәйкесінше қарыздардың өсу қарқыны айына 4%-дан аспайтын болады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу