Онда Четская көшесінің бойындағы жолға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалғаны, өзі де бұл хабарды асыға күтіп жүргені айтылған.
"Алақай! Достар, енді маған ұрыспайсыздар, соған өте қуаныштымын! Мен де бұл жаңалықты қатты күттім. Четская көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Жөндеу жұмыстары неге кешіктірілгенін түсіндірейін, біріншіден, жол өте ұзақ – 4,5 шақырым. Бұл бір жаз маусымы үшін өте көп. Мұндай жобаны жүзеге асыру біздің климаттық жағдайымызды ескеріп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 20 айға созылады. Екіншіден, жол астындағы бастапқы зерттеу кезінде көрінбеген көптеген желіні таптық. Болашақта апат бола қалса, жаңа жол жамылғысын бұзбау үшін оларды басқа жерге көшірдік. Үшіншіден, екі жерүсті жылу компенсаторын жерастына ауыстыру көп уақытты қажет етті. Төртіншіден, жаңбыр суының жаңа жүйесін орнаттық. Бесіншіден, көше қиылыстарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сыртқы жарықтандырудың жаңа желісін орнаттық", – деді ол.