Адам қайтыс болғаннан кейін оның әлеуметтік желідегі аккаунттарын естелік ретінде сақтауға болады.
Бұл туралы Jibek Joly арнасының жаңалықтарында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Facebook және Instagram платформаларында мемориализациялау қызметі қарастырылған.
Ол үшін парақша иесінің өмірден озғанын дәлелдейтін қандай да бір ақпаратты немесе некрологтың анықтамасын желі әкімшілігіне ұсынасыз.
Мағлұмат расталса, профиль қолданушысының аты жазылған тұсқа "Еске алу" деген белгі пайда болады. Одан кейін марқұмның парақшасын ешкім пайдалана алмайды.