Енді медицина қызметкерлерінің балаларына балабақша кезегінде басымдық беріледі

564

Қазақстанда денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жаңа әлеуметтік кепілдіктер беріледі.  

Енді медицина қызметкерлерінің балаларына балабақша кезегінде басымдық беріледі Фото: inva.kz

Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын екінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мақсатында мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын бөлу кезінде медицина қызметкерлерінің балаларына басым құқық беру, қызметтік міндеттерін атқару нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедектігі белгіленген медицина қызметкерлерінің балаларына жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру грантын бере отырып, конкурстан тыс қабылдау көзделіп отыр. Сондай-ақ медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеру құқығын беру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру жөніндегі нормалар да бар. Бұдан бөлек медицина кадрларының тапшылығын қысқарту үшін ауылға жұмыс істеу үшін келетін медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді жүзеге асыру жөніндегі нормалар қабылданды", - деді Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында біржолғы 500 АЕК көлемінде төлей отырып, "Мамандықтың үздігі" атағын беру көзделеді. Оған сәйкес республикалық байқау өткізілмек. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында ерекше еңбегі үшін біржолғы 1000 АЕК төленетін "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы да белгіленіп отыр.

Сондай-ақ ауылға жұмысқа келген сала қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы төлеу жоспарланған. Биыл бұл сома 8,5 млн теңгені құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу