Енді медициналық сақтандыруға алдын-ала бір жылға төлем жасауға болады

868

Бұл өзгеріс 2022 жылдың қыркүйегінде күшіне енеді.

Енді медициналық сақтандыруға алдын-ала бір жылға төлем жасауға болады

Дербес төлеушілер МӘМС жүйесінде алдын ала 12 айға төлем жасау арқылы сақтандырыла алады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына" сілтеме жасап.

"2022 жылдың 4 шілдесінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болатын. Сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес, алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. МӘМС-ке жарналар төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жарналар төлей алады",- деп жазылған хабарламада.

Бұл өзгеріс қол қойылған сәттен бастап 60 күннен кейін, яғни 2022 жылдың қыркүйегінде күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу