Енді мемлекеттік қызметкерлерге жергілікті бюджеттен сыйақы төленеді

848

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жергілікті бюджеттен сыйақы төлейді көздейтін үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Енді мемлекеттік қызметкерлерге жергілікті бюджеттен сыйақы төленеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құжат авторы болып саналады.

Құжатта мемлекеттік басқару органдарына қандай құқық берілетіні төменде жазылған:

  • қызметкерлерге кесімді еңбекақысын төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту;
  • ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;
  • жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығы беріледі. 

Үстемеақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу