Елдегі микрокредиттік ұйымдарға бірқатар қатаң талап енгізіледі

135

Қаулы жобасы көпшілік талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында 16 ақпанға дейін орналастырылған.

Елдегі микрокредиттік ұйымдарға бірқатар қатаң талап енгізіледі Фото: Pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Микрокредиттік қызметті жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба микрокредиттік ұйымдардың тұтынушыларға қаржылық қызмет көрсеткен кезде адал жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, қаржы өнімдерінің шарттарын айқын көрсетуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған біркелкі талаптарды енгізуді көздейді.

Агенттік мәлімдегендей, құжат жүйелі сипатқа ие болып, бұрын қолданылған бес нормативтік актінің тұтынушылармен өзара әрекеттесудің әртүрлі аспектілерін реттейтін нормаларын бірегей етіп біріктіреді.

Жоба тұтынушылармен барлық кезеңде қаржы өнімдері туралы ақпаратты жариялау, жарнама мен цифрлық арналaрдa ақпаратты көрсету талаптарын бекітеді.

Сонымен қатар, құжатта жауапты микрокредиттеу қағидалары мен адал жұмыс істеу принциптері, қаржылық өнімнің негізгі шарттарын көрсететін ақпараттық құжатты келісім алдында беру және өнімнің тұтынушыға сәйкестігін бағалау тәртібі енгізілген.

Құжатта жосықсыз тәжірибелердің түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі және қарызды өндіріп алу кезінде жауапты іс-әрекет талаптары, оның ішінде аудио және бейнежазба жүргізу міндеті қарастырылған.

Агенттік атап өткендей, құжат қабылданған жағдайда микрокредиттік ұйымдардың адал қызметі қамтамасыз етіліп, қаржы өнімдерінің шарттары айқындала түседі, тұтынушылардың құқықтары күшейтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу