Енді молдаларға қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді

268

Қырғызстанда жаңа заң күшіне енбек.

Енді молдаларға қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді Фото: кактус медиа

Қырғызстанда 2025 жылдың наурызынан бастап мешіттегі діни қызметкерлерге қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ел президенті елдегі дін мәселесіне көңіл бөлмек.

Бастапқыда жалақы 8 мың сом (48 мың теңге) болса, жыл соңына дейін 20 мың сом (120 мың теңге) болады деп жоспарланған.

Қайырымдылық қорына арнайы шот ашып, оған төлем жасау үшін мешіттерде арнайы QR-жәшіктері орнатылады. Бұл жәшіктерді орнатуды мемлекет өз мойнына алмақ.

"Молдалар басқа ағымдарға кеткендерді тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды. Ханафи масхабына қайтарады. Бөлінген барлық ағым тәртіпке келеді. Біз бір халықпыз, бірақ 15-20 ағымға бөліндік. Бұл қауіпті", – деді Жапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу