Енді Моңғолия азаматтары репатриациялық рейстермен елдеріне қайта алады

525

14-19 тамызда Ұлан-Батордан Нұр-Сұлтан мен Алматыға арнайы борт ұйымдастырылмақ.  

Енді Моңғолия азаматтары репатриациялық рейстермен елдеріне қайта алады

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігі мен "HunnuAir" авиакомпаниясы 14 тамызда Ұлан-Батор – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батор және 2021 жылы 19 тамызда Ұлан-Батор – Алматы – Ұлан-Батор бағытында арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жоғарыда көрсетілген арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын.  Сонымен қатар, Қазақстанға көші -қон заңнамасын бұза отырып келген Моңғолия азаматтары да репатриациялық рейстермен өз отанына орала алады.  Ол үшін олар Алматы қаласы Полиция департаментінің көші -қон қызметі басқармасына хабарласуы керек", – деп жазылған Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тараптқан хабарламада. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу