Енді тұрғындар МИБ төрағасын қол жинамай-ақ қайта сайлап, үйді басқару бойынша жылдам шешімдер қабылдай алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мәселелері бойынша бірқатар проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Әділет министрлігі "Управдом" ЖШС-мен бірлесіп, 2023 жылдың наурыз айынан бастап тұрғындардың қолдарын онлайн жинауды, дауыстарды автоматты түрде санауды, кворумды есептеуді және электрондық хаттаманы қалыптастыруды көздейтін "МИБ цифрландыру" жобасын іске қосты.
Қазіргі уақытта шамамен 25 МИБ электронды түрде тіркелген. Бұл жоба МИБ қызметінің ашықтығын, алаяқтық әрекеттерді болдырмауды, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыруды, қағаз құжат айналымын жоюды көздейді.
Электрондық дауыс беру бойынша жоғарыда аталған тетікті қолдана отырып, барлық қазақстандықтарға "МИБ төрағасын ауыстыру" қызметі қолжетімді.
МИБ төрағасын ауыстыру үшін авторизациядан өту, дауыс беруден өту, жаңа төрағаны таңдауы қажет. Осы шарттар орындалғаннан кейін МИБ төрағасы автоматты түрде қайта сайланады.