Енді мүмкіндігі шектеулі жандар цифрлық кәсіптерді тегін оқиды

182

Жобаға 20 маусымға дейін өтінім беруге болады. 

Енді мүмкіндігі шектеулі жандар цифрлық кәсіптерді тегін оқиды Фото: Высшая школа экономики

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қамқоршыларына IT-маман мансабын игеруге көмектеспек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаның мақсаты-сұранысқа ие мамандықтарға оқытып қана қоймай, жұмысқа орналасуға көмек беру.

Курс төрт айлық теориялық сабақтан және екі айлық тәжірибеден тұрады. Онда оқушылар Қарағандының IT-компанияларында сыннан өтеді.

Курстарды цифрлық кәсіп мамандарын оқытуда тәжірибесі бар, халықаралық технопарктердің сертификатталған сарапшылары жүргізеді.

Оқу 5 шілдеде басталады.

  • Өтетін орны: "Террикон алқабы" IT-хабы (Алалыкин көшесі, 12).
  • Қосымша ақпарат және тіркелу телефоны: +7-776-5-444-666.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу