Енді мұнай өнімдері тауар биржалары арқылы сатылады

1288

Әзірге бұл өзгеріс тек жанармай мен битумға қатысты.

Енді мұнай өнімдері тауар биржалары арқылы сатылады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2021 жылдан бастап бензин мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.  

"Президент мұнай өнімдері мен электр энергиясы саласында биржалық сауданы ретке келтіру және жетілдіру, сондай-ақ  бәсекелес саясатты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Мәселен, биылғы наурыз айынан бастап жанармай мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу жоспарланып отыр, бұл ретте жанармайды өткізу көлемі министрлік бекітетін ай сайынғы жеткізу жоспарына сәйкес анықталады", - деді министр. 

Энергетика министрі кеңейтілген алқа отырысында тауар биржалары арқылы дизель отыны мен керосинді өткізу туралы да сөз қозғады. Ведомство басшысының сөзінше бұл өзгеріс 2021 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

"2021 жылдың соңына қарай сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшу жүзеге асырылады. Бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институты жойылады, - деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу