Нотариалды құжаттарға QR-код беріледі

1130

Бұл алаяқтықтың алдын алуға септігін тигізеді. 

Нотариалды құжаттарға QR-код беріледі

Елімізде 1 шілдеден бастап нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлады inbusiness.kz.

"Әрбір нотариаттық құжатқа жеке QR-код беріледі. Ол бірегей болып табылады. Сонымен қатар құжатты бұрмалаудан, жалған құжат жасаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатпен тең дәрежеде куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді. Бұл азаматтарға қағаз құжаттарды онлайн режимінде ұсынуға мүмкіндік береді", - деді вице-министр. 

Азамат Әмірғалиевтың айтуынша әр нотариаттық құжатта QR-код болады. Тіпті банкте немесе өзге де орында QR-кодты сканерлеу арқылы оның түпнұсқа екенін тексеруге болады. Бұл цифрлық шешім көптеген мәселедерді жеңілдетпек. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу