Енді Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәлімет мемлекеттік құпия болады

246

Заң Мемлекет басшысының қарауына жіберілді.

Енді Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәлімет мемлекеттік құпия болады Фото: euronews.com

Енді еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы деректер мемлекеттік құпия болып, заңмен қорғалады. Күні кеше Сенат тиісті түзетулерді қамтитын заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, сенаторлар "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңға толықтыру енгізді.

"Мемлекеттік құпиялар туралы" заңға барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Республикасы президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі", –  делінген Сенат комитетінің қорытындысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу