Енді оңтүстік өңірдегі шаруалар арзан бағадағы суармалы сумен қамтамасыз етіледі

357

Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.

Енді оңтүстік өңірдегі шаруалар арзан бағадағы суармалы сумен қамтамасыз етіледі Фото: Pixabay.com

Биылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар шаруалар үшін суармалы су беру қызметінің құны арзандады. Себебі, 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында "Қазсушар" мекемесі тұтынушылармен тікелей келісім-шартқа отырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап,

Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше бірқатар тұтынушылар үшін қызметтердің құнын арзандатады.

Бүгінгі күні "Қазсушар" оңтүстік аймақтағы 1740 шаруа қожалығымен су беру бойынша келісім-шарт жасады. Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатылмақ. "Қазсушар" мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу