Енді отандық музейлер мен көрмелерді үйден шықпай-ақ тамашалауға болады

160

"Qazaq Culture" платформасында елдің тарихи-мәдени мұрасы цифрландырылатын жеке модуль іске қосылмақ. 

Енді отандық музейлер мен көрмелерді үйден шықпай-ақ тамашалауға болады Фото: gov.kz

Енді азаматтар үйден шықпай-ақ отандық музейлер мен театрларды, көрмелерді тамашалай алады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік жасанды интеллектті қолданатын 4 цифрлық бастаманы жүзеге асырып келеді. Біріншісі – "Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру".

"Қазіргі уақытта Министрлік аясында "Qazaq Culture" ақпараттық-ағартушылық платформасы жұмыс істейді. Платформа 8 тілде қолжетімді: қазақ, ағылшын, орыс, түрік, қытай, араб, испан, француз. "Qazaq Culture" платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады",  деді Аида Балаева.

Жобаны кеңейту аясында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, құнды экспонаттар мен сирек кездесетін жәдігерлер цифрландырылатын жеке модуль іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу