Енді Отбасы банктің кепіл шартын ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

905

Отбасы банк Blockchain арқылы кепілді онлайн тіркеу қызметін іске қосты.

Енді Отбасы банктің кепіл шартын ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Отбасы банкімен ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызметке Blockchain технологиясын енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді ипотеканы рәсімдейтін қазақстандықтар кепіл шартымен baspana.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде таныса отырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын мемлекеттік тіркеу туралы нәтиже хабарлама түрінде банк сайтындағы және eGov порталындағы жеке кабинеттерге келіп түседі.

"Бұрын азаматтар кепіл шартын тіркеу үшін банктен құжат алып, оны ХҚКО-ға апаруға тиіс болатын. Халыққа қызмет көрсету орталығында ол шарт тіркелген соң, клиент ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге оны банкке ұсынатын. Енді Blockchain технологиясының арқасында бұл процесс автоматтандырылды. Банк пен ХҚО арасында жүрудің қажеті болмайды, қажетті құжаттарды банк ХҚКО-ға өзі жібереді", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Жылжымайтын мүлік кепіл шартын онлайн тіркеу қызметін автоматтандыру – банк клиенттеріне бұл процесті 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Отбасы банк тарапынан жылжымайтын мүлік кепілінің шарттарына қол қоюға және тексеруге жұмсалатын операциялық шығындар да қысқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу