Енді Өзбекстанға пойыз бен ұшақтар жиі қатынайтын болады

686

Енді Өзбекстанға пойыз бен ұшақтар жиі қатынайтын болады

Сәуірден бастап "Самарқан-Астана" бағытында N251/252 халықаралық пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Аптасына бір рет қатынайтын бұл пойыз Астанадан сейсенбі күні, ал Самарқаннан жексенбі күні шығатын болады.
Бұдан басқа, осы жылдың 18 наурызынан бастап "Алматы-Ташкент" пойызының жиілігі аптасына екіден үш ретке дейін артады. Аталған бағыттағы жолды пойыз 17 сағат 17 минутта жүріп өтеді.

Сондай-ақ, Астана -Ташкент әуебағытында ұшу жиілігі аптасына төрттен жетіге дейін, ал Алматы мен Ташкент арасында жетіден он рейске дейін артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу