Перизат Қайрат соттағы соңғы сөзін жабық форматта айтатын болды

БАҚ өкілдері мен ел тұрғындарына күдіктінің уәжін тыңдау бұдан былай қолжетімді болмайды.  

Перизат Қайрат соттағы соңғы сөзін жабық форматта айтатын болды Фото: бейнежазбадан

Судья Санжар Каримов айыпталушының өзі жарыссөзге жабық сот отырысында қатысатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанадағы Перизат Қайрат ісіндегі жарыссөзде жәбірленушілер сөз сөйлеп болған. Еске салайық, "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорынан қаражат жымқыру ісіне қатысты 12 жәбірленушіге сөз кезегі берілді. 

– Барлық жәбірленуші сөйледі. Сот процесіне қатысушылар, оның арасында айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының жарыссөздегі сөз сөйлеуі енді жабық отырыста жалғасады, – деді судья Санжар Каримов.

Бұл журналистер мен қоғам үшін сот процесінің ендігі бөлігі қолжетімсіз дегенді білдірсе керек-ті. 

Бұған дейін сотта жәбірленушілердің бірі Перизат Қайраттың анасын үйқамақта қалдыруды сұраса, енді бірі Перизат Қайрат пен анасын танымал алаяқтарға теңеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу