Полиция тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз немесе уақытша тұратындар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Азаматтарды бір мекенжайға жаппай тіркеуді анықтау және жолын кесу мақсатында іс жүзінде тиісті мекенжайда тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару және үй иелерін жауапкершілікке тарту мақсатында "резеңке пәтер" белгілері бар барлық мекенжайларды тексеру бойынша ішкі істер органдарына нұсқау жіберілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Азаматтардың хабардар болуы үшін мекенжай деректерін уақытылы тіркеу және жаңарту қажеттілігі туралы SMS хабарламалар жіберіледі. Тіркеусіз тұрып жатқанына бір айдан аспаса, құқықбұзушыға ескерту жасалады. Алайда, бұл мерзімнен асқандар үшін үшін 7 АЕК (2024 жылы 25 844 теңге) айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталанса 13 АЕК (2024 жылы 47 996 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Тіркелмеген адамдарға тұруға рұқсат берген үй иелері де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірінші рет заң бұзғаны үшін үй иесіне 10 АЕК айыппұл (2024 жылы 36 920 теңге), бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін 20 АЕК-ке дейін (2024 жылы 73 840 теңге) айыппұл салынады.