Енді рейсті кешіктірген әуекомпания басшыларына айыппұл салынады

194

Кешігу жағдайларын азайту мақсатында министрлік әртүрлі шара қабылдамақ. 

Енді рейсті кешіктірген әуекомпания басшыларына айыппұл салынады Фото: inbusiness.kz

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда рейсті кешіктіргені үшін басқалармен қатар әуе компаниялары мен әуежайлардың топ-менеджерлерін жазалауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет отырысында министр қазір рейстердің кешігуіне үш фактор әсер етіп отырғанын түсіндірді.

Министрдің сөзінше, елдегі алты әуежайда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары, ауа райы жағдайлары және адам факторы және пайдаланылған әуе кемелерінің санының артуына әсер еткен жолаушылар ағынының өсуіне компания басшылары жауап береді.

Кешігу жағдайларын азайту үшін министрлік түрлі шараларды енгізбек.

"Біріншісі – бұл қазір заңда қарастырылмаған, екіншісі – әуе компанияларына кешіккені үшін айыппұл салынса, онда жаңа механизм бойынша олардың топ-менеджерлеріне айыппұл салынады", – деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, биыл әуежайларда жөндеу жұмыстары да қамтылған, жаз маусымы қызу кезең. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу