Енді салық төлеу жеңілдей түседі

1718

Қаржы министрлігі салық төлеушілердің базасындағы қате деректерді анықтап, түзету жұмыстарын жүргізуде.

Енді салық төлеу жеңілдей түседі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды салықты уақытылы төлеуге шақырды. Оның пікірінше мәліметтер базасы "тазартылған", сондықтан салық төлеу бойынша қиындықтар туындамауы керек.

"Біздің жүйемізді елдегі ең ірі банктің бірімен біріктірдік. Қолданушылар қосымшасында мүлік, жер, көлік бойынша қажетті салық міндеттемесін  көруге болады. Ұялы қосымша арқылы олар салықты бірден төлей алады. Сонымен қатар  салық көлемін салық комитетінің ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетінен де анықтау мүмкіндігі бар. Банктер арқылы да, онлайн қосымша арқылы да төлеуге болады", – дейді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша қаржы министрлігі басқа да мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен салыстыру арқылы қате ақпараттарды анықтау бағытында ауқымды жұмыс жүргізуде.

"Мысалы, ауылшаруашылығы министрлігімен жер ресурстары бойынша, ІІМ-мен автокөлік бойынша, Әділет министрлігімен жылжымайтын мүлік бойынша. Бұған дейін қазақстандықтар тап болған проблемалар енді болмайды. Базаларды "тазаладық". Кейде ғана салық төлеушінің келіп, қате ақпараттарды құжат жүзінде растап немесе жоққа шығаруын талап ететін жағдайлар болуы мүмкін", – деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу