Енді салықты eGov.kz порталы арқылы төлеуге болады

872

Енді салықты eGov.kz порталы арқылы төлеуге болады

eGov.kz порталында "Салықтармен және басқадай міндетті төлемдерді бюджетке төлеу" қызметі іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Бұл қызмет салық төлеушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) 18 түрлі салықты және міндетті төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді. Енді азаматтар корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын, әлеуметтік салық, ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтарды, жер салығын, ЗТ көлiк құралдарына салынатын салықты, бірыңғай жер салығын, қосылған құн салығы, акциздер, арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы, экспортқа салынатын рента салығы, ойын бизнесіне салық, тіркелген салық, алымдар, төлемдер,кедендік төлемдер, басқа төлемдер мен баждарды  eGov.kz арқылы төлей алады.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

ЭЦҚ және порталда авторизациялану талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметтер көрсету нәтижесі электрондық түбіртек болып табылады.

Еске салатын болсақ, бұрын порталда жеке тұлғалар үшін салықтардың 4 түрі ғана төлем үшін қолжетімді болатын: мүлікке салық, көлікке салық, жер салығы және өсімпұл, айыппұлдар, салықтарға берешегі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу