Енді салымшылардың тек 3%-ы зейнетақыдан ақша алады

1376

Бұл туралы EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев өзінің Телеграм арнасында жазды. 

Енді салымшылардың тек 3%-ы зейнетақыдан ақша алады

"Енді байлар одан да бай, ал кедейлер кедей бола түседі. Егер бұрын салымшылардың 7%-ы ала алса, енді 3%-дан астамы ғана қол жеткізетін болады", - дейді сарапшы.  

Ол бұл шешім алдын ала талқыланбай қабылданып кеткенін айтады. 

"Өсім "Отбасы" банктің тұрғын үй депозитіне қаражат аудару туралы заңы қабылданбай тұрып жүзеге асырылды, бұл салымшылардың ашуын туғызып отыр", - деп атап өтті Андрей Чеботарев.  

Оның айтуынша, адал еңбегімен табыс тауып келе жатқандарға тым жағымсыз жағдай туындады. 

Еске саламыз, БЖЗҚ 2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шек мөлшері өсетінін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу