Енді самокатты жол бойына дұрыс қоймағандарға айыппұл салынады

174

Алматы, Астана және Шымкент секілді ірі қалаларда электросамокаттарды жүргіншілер жолына дұрыс қоймағандарға айыппұл салынбақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді самокатты жол бойына дұрыс қоймағандарға айыппұл салынады Фото: Максим Морозов

JET компаниясының мәліметінше, ережені бірінші рет бұзған адам 100 теңге көлемінде ең төменгі айыппұл арқалайды.

Қайтадан бұзса, айыппұл 1000 теңгеге дейін өседі. Жаңа ереже Алматыда 13 маусымнан бастап іске қосылды.

Тіпті, жайсыз оқиғалар да көбейді. Мысалы, Астанада екі жасөспірім әйелді самокатпен қағып, көмектеспей кетіп қалған. Жәбірленушіден баланың анасы кешірім сұрап келген.

Айыппұлдар мына жағдайларға да қарастырылған:

Мас күйде самокат тебу. Егер адам алкоголь ішіп немесе есірткі қолданып, самокатпен жүрген болса, бұл қауіпті және заңмен жазаланады;

Екі адам мініп жүру. Самокат бір адамға арналған, ал екі адам мініп жүру қауіпті және құрылғыға зақым келтіруі мүмкін;

Самокатты қызмет аумағынан тыс жерге қалдыру. Кикшеринг қызметі тек белгілі бір аумақта жұмыс істейді. Самокатты сол аумақтан тысқары жерге апарып тастау ережеге қайшы;

Сапар соңында фотоны дұрыс жүктемеу. Самокатты қойған соң қолданушы оның дұрыс қойылғанын дәлелдеу үшін фото түсіруі керек. Егер фото анық болмаса немесе ереже бұзылған болса айыппұл салынады.

Әлеуметтік желіде алматылықтар бұл шешімді дұрыс деп бағалауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу