“Цифрлық нотариат”: Елімізде сенімхаттарды онлайн ресімдеуге болады

825

Қызметтің бұл түрі eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болады. 

“Цифрлық нотариат”: Елімізде сенімхаттарды онлайн ресімдеуге болады Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда сенімхаттарды онлайн рәсімдеу жобасы – “Цифрлық нотариат”  іске қосылмақ. Бұл Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен пилоттық жобасы. 

Халықтың арасында нотариаттық куәландырылған сенімхаттарды алу қызметі танымал. Әділет министрі айтқан мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы 2 млн-ға жуық осындай қызмет көрсетілген. 

“Дүние жүзінде сенімхаттың онлайн нотариалды куәландыруы Франция мен Литва елінде ғана бар. Бұл жобаны жүзеге асыра отырып, осы мемлекеттердің қатарына қосылып отырмыз. Кез келген азамат шетелде, ауруханада немесе жолда болса әрі нотариусқа баруға мүмкіндігі болмаса, нотариуспен онлайн байланысып, нотариалдық сенімхаттарды куәландыра алады. Бұл пилоттық жоба болғаннан кейін кейбір ғана құжат түрлері ғана қолжетімді болады. Әзірге үш-төртеуі ғана болатын шығар. Мысалы, сотта мүдделерді білдіру және т.б.”, - деді Әділет министрі Азамат Есқараев.

“Жалпы цифрлық сервистерді дамыту Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы алдында электрондық үкімет базасында азаматтар мен бизнестің өзара іс-қимылын жеңілдету мақсатында цифрлық сервистерді дамыту бізге жүктелген болатын. Осындай тапсырманы орындау барысында жаңа цифрлық сервисті электрондық үкіметке шығарудамыз. Цифрлық нотариат деген онлайн түрде сенімхаттарды рәсімдеу”, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Цифрлық сенімхатты ресімдеу жолы:

  • eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өту;
  • өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • онлайн қызмет түрін алушы өзінің жеке басын растау үшін мобильді қосымшада нотариусқа бейнеқоңырау шалады;
  • белгіленген тариф бойынша нотариус қызметіне ақы төлеу;
  • “Сандық құжаттар” бөліміне өтіп, сенімхат алу.

Сенімхаттың бұл түрі оның қағаз нұсқасындай қолдануға жарамды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу