Енді шенеуніктер бюджеттен артылған қаржыны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды

879

Үнемделген қаржы енді бюджетке қайтарылып отырады. 

 Енді шенеуніктер бюджеттен артылған қаржыны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды Фото: canva.com

ҚР Қаржы министрі Мади Такиев мәжіліс кулуарында шенеуніктердің бюджетте артылған қаржыны сыйақы ретінде өздеріне ала алмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы сәтті пайдалана отырып мына нәрсені айтқым келеді. Қаржы министрлігі есепшот арасында сыйақы ретінде қаржы аударуға тыйым салды. Сәйкесінше, шенеуніктер үнемделген қаржыны сыйақы ретінде ала алмайды. Қаражат бюджетке қайтарылады", – деді ол. 

БАҚ өкілдері Мади Такиевтен шенеуніктердің сыйақы мөлшері туралы да сұраған. Алайда министр бұл сауалға жауап бермеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу