Енді шетелден жұмыс іздеп келгендерге электрондық еңбек кітапшалары мен шарттар енгізілмек

194

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі электрондық еңбек шарттары мен кітапшаларды енгізуді ұсынады.  

Енді шетелден жұмыс іздеп келгендерге электрондық еңбек кітапшалары мен шарттар енгізілмек Фото: Timewab

Қаулының тиісті жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствода түсіндірілгендей, құжат республикадағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді жақсарту мақсатында әзірленген.

"Бұл сондай-ақ жұмыс берушілердің қызметкерлермен өзара іс-қимылын жақсартады, бюрократияның төмендеуіне ықпал етеді және мемлекеттік органдарға еңбек заңнамасының сақталуын тиімдірек бақылауға мүмкіндік береді", – делінген анықтама-негіздемеде.

Деректердің сақталуына ерекше назар аударылады. Электрондық еңбек кітапшалары жұмыс орнына, еңбек өтіліне қатысты деректердің жоғалу немесе бүліну қаупін азайта отырып, еңбек қызметі туралы ақпараттың сенімді сақталуын қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу