Енді шетелдіктер үшін бензин мен дизель отынының бағасы өзгереді

286

Энергетика министрінің бұйрығы 17 мамыр күні күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді шетелдіктер үшін бензин мен дизель отынының бағасы өзгереді Фото: egemen.kz

Энергетика министрлігі бұл ішкі нарықта отын балансын сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағыны мен "сұр" экспортының тәуекелдерін азайту мақсатында жасалғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта жанар-жағармай қорын өндіру, жөнелту және толықтыру үздіксіз жүргізілуде, бұл ретте мұнай өнімдерінің қомақты қорының болуына байланысты ішкі нарықтағы жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

Бұйрық мыналарды көздейді:

  1.  АИ-92 және АИ-93 бензині – литріне 245 теңге;
  2. Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 205 теңге;
  3. Қазақстан Республикасында берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде – тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде -литріне 205 теңге;
  4. дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) – литріне 315 теңге;
  5. Қазақстан Республикасында тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 295 теңге;
  6. Қазақстан Республикасында берілетін жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - литріне 295 теңге.
  7. Бұйрыққа сәйкес АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу