Енді Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

756

Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын.

Енді Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында авторландырылған пайдаланушы "Цифрлық құжаттар" бөліміне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфонның экранындағы QR-кодты көрсету қажет.

Цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде жұмыс істейді және әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары арасында қолжетімді. Осы әуежайлар қызметін пайдалануды жоспарлап отырған жолаушылардың пилоттық жоба кезінде жеке куәлігінің түпнұсқасын да өзімен бірге алып жүргені жөн болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу