Енді су тасқыны жағдайын да онлайн режимде көруге болады

529

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті. 

Енді су тасқыны жағдайын да онлайн режимде көруге болады Фото: видео скриншот

Қазақстанның батысындағы екі қала, атап айтқанда, Орал мен Атыраудағы су тасқынын енді онлайн режимде бақылап отыруға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Кез келген азамат мына сілтеме бойынша өтіп, су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көре алады. Онлайн түрде Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және жергілікті жердегі жағдайды тексеру бойынша жұмыстарды көру мүмкіндігі бар. Үлкен суға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдіремін", - деп жазды Мусин instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Орал мен Атырау қалаларында су тасқыны күшейіп келеді. Төтенше жағдайлар министрлігі халықты күні-түні эвакцациялап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу