Енді тауар биржалары шағын кәсіпкерлік санатынан шығарылады

161

Тауар биржаларына мемлекеттік бақылау күшейеді.

Енді тауар биржалары шағын кәсіпкерлік санатынан шығарылады Фото: canva.com

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заң жобасында тауар биржаларын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері ретінде алып тастау, стандартты аукционды және стандартталмаған тауарларды биржалық саудадан шығару,  стандартталмаған тауарлармен сауданы электрондық сауда алаңдарына ауыстыру ұсынылады. Сондай-ақ тауар биржалары жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен ашықтығына қойылатын талаптарды арттыру, тауар биржаларына қатысты мемлекеттік бақылауды кеңейту, биржалық сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін енгізу, брокерлер мен клирингтік орталықтарды лицензиялау және оларды қаржы мониторингі субъектілері санатына қосу сияқты нормалар бар", - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Халық қалаулысының айтуынша, биржалық боттардың қатысуымен жасалатын шарттарды елеусіз деп тану, әлеуметтік тауарлармен сауда жасайтын тауар биржаларына жоғары талаптарды енгізу ұсынылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу