Енді той мен жерлеу рәсімінде ысырапшылық жасағандарға айыппұл салынбақ

17412

Жерлеу кезінде ұсақ малды, жылқы немесе ірі қара малды союға жол берілмейді.

Енді той мен жерлеу рәсімінде ысырапшылық жасағандарға айыппұл салынбақ Фото: freepik

Қырғызстан Парламентінің депутаттары салт-дәстүрлер, рәсімдер мен мерекелерді өткізу кезінде артық шығынды шектеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қоғамдық талқылауға ұсынылған заң жобасы отбасылық іс-шараларды реттеуді енгізуді ұсынады:

  • жерлеу кезінде ұсақ малды, жылқы немесе ірі қара малды союға жол берілмейді;
  • марқұмды жерлеген соң үш күннен кейін бір жылқы немесе ірі қара мал сойып, ас беруге ("Құран оқу") рұқсат етіледі;
  • 3 күн, 7 күн, 40 күндігі және жылдық асын өткізуге тыйым салынады;
  • тойға саны 250-ден аспайтын адам шақыруға және бір сиыр немесе жылқы союға рұқсат етіледі;
  • "қыз ұзатуға" бір сиыр немесе жылқы сойып, 100 адамнан артық шақыруға болмайды;
  • үйлену тойы мен қыз ұзатуды бірге өткізу кезінде бір сиыр немесе жылқы сойып, 350-ден аспайтын адам шақыруға рұқсат етіледі;
  • үйлену кортежінде үш көліктен артық болмауы керек;
  • жоғарыда аталған салт-жораларды, мерекелерді және салт-дәстүрлерді өткізу кезінде "киіт кигізу", "себет беру", "қонақ беру" және басқа да осыған ұқсас ғұрыптар сияқты қосымша қажетсіз шығындарды ұйымдастыруға тыйым салынады.
  • Заң талаптарын бұзғаны үшін той, шара иесіне 300 мың сом, мекеме иесіне 100 мың сом көлемінде айыппұл салынады.

Құжат бастамашылары соңғы кездері елде той-томалақтар мен жерлеу рәсімдеріне байланысты халықтың төл әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сәйкес келмейтін келеңсіз құбылыстардың көбейіп, отбасы қаржысына айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті.

Заңның орындалуын бақылау жүргізуді жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы аумақтық комиссияларға жүктеу ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу