Енді төрт түлікті сайт арқылы сатуға болады

675

Қазірдің өзінде сайттың мобильді нұсқасын 5 мыңнан астам адам жүктеп алған.

Енді төрт түлікті сайт арқылы сатуға болады

Алматы облысы Сарқан ауданының жастары төрт түлікті саудалауға арналған сайт құрастырды. Жаңа платформада кез келген адам мал сататыны жөнінде жарнама қалдыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаны жасаушы Аслан Күбентаев пен Әнуар Сәлімбековтың сайтты ашуына тұрғындардың күнделікті мал саудалауда кездесетін қиындықтары түрткі болған.

"Әр аптаның соңында халық малын жетектеп немесе көлік жалдап мал базарына ағылады. Ол жерде орын үшін қаржы шығындайды. Күні бойы тұрып, қойы немесе сиыры өтсе өтті, өтпесе қайта жетектеп үйіне қайтады. Сондықтан бәріне ортақ мәселені осылай шешкіміз келді", - дейді сайт авторы Аслан Күбентаев.

Ал дизайнер Әнуар Сәлімбеков бұл сайт тек төрт түлікке арналмағанын айтады. Ел тұрғындары сайт арқылы малдан бөлек үй құстары мен жануарларды, мал азығы мен ауылшаруашылығына қатысты басқа да өнімдерін саудаға шығара алады. Ең бастысы қолында смартфоны немесе компьютері болуы керек.

Қазірдің өзінде сайттың мобильді нұсқасын 5 мыңнан астам адам жүктеп алған. 300-ден астам азамат сайтқа тұрақты тіркелген. Ал тәулігіне 7-8 хабарландыру орналастырылады.

Болашақта malbazar.su ауылшаруалышығына қатысты жаңалықтар мен мемлекеттік бағдарламалармен толтырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу