Енді туберкулезді жедел анықтайтын заманауи әдіс қолданылады

514

"Молекулярлық генетикалық диагностика" тәсілі, негізі, медицина әлеміне таңсық дүние емес.

Енді туберкулезді жедел анықтайтын заманауи әдіс қолданылады Фото: Ашық дереккөзден

Өзге мемлекет медиктері бұл тәжірибені 8 жыл бұрын қолдана бастаған. Ал бізге жақында енді. Тиімділігі науқасты анықтау процесі жеделдепті. Биыл 11 мыңға жуық адам аты жаман дертті жұқтырды деген күдікке ілінген. Барлығына дерлік геномды секвенирлеу жүргізілді.

Үкіметтік емес ұйымның ұсынысымен 3 мыңнан астам адамның денсаулығын тексерген. 104 науқастан туберкулез дерті анықталды. Ғылыми орталық басшысы елде осы аурудан айыққандардың саны артқанын айтады. Дегенмен босаңсуға болмайды, деп отыр.

"Ол екі сағаттың ішінде қақырықтың ішінде туберкулездің таяқшасы бар ма, жоқ па екенін анықтайды. Екінші сұрақ ол нәтижесі екі сағаттың ішінде дәріге төзімді түрі ме, сезімтал түрі ме – соны анықтап бере алады. Сондықтан қазір аудандық ауруханаларда осындай диагностика қолжетімді", - дейді ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Әденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу