Енді CityPass карталары арқылы астананың көрікті жерлеріне, музейлері мен экскурсияларына еркін кіріп қана қоймай, карта әрекет ететін 24-72 сағат аралығында қалалық маршруттарда да тегін жүруге болады (Бұл экспресс және қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын автобустарға қатысты емес), деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, "CityPASS Kazakhstan" жобасы 2017 жылы "Astana Convention Bureau" ЖШС қолдауымен іске қосылған болатын. Содан бері картаның қызметін 280 мыңнан астам қолданушы пайдаланды, ал 2018 жылы жоба туризм саласындағы басты "Жыл жобасы" номинациясына ие болды.
Еске сала кетейік, Nur-Sultan Pass картасын сатып ала отырып, туристер келесідей орындарды аралай алады:
✓ Бейбітшілік және келісім сарайы
✓ Тәуелсіздік сарайы
✓ ҚР Ұлттық музейі
✓ "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы
✓ Бәйтерек монументі
✓ океанариум
✓ Джунгли паркі
✓ "Ailand" шолу дөңгелегі
✓ Нұр Әлем музейі (EXPO 2017)
✓ Атамекен кешені
✓ Алжир музей кешені
✓ HOP-ON-HOP-OFF туры
✓ қемемен саяхат (жазғы уақытта)
Бағасы картаның әрекет ету мерзіміне байланысты: 24 сағат 5990 теңгеден басталады, 72 сағат 8990 теңгеден басталады.
Сонымен қатар, Nur-Sultan Pass пакетінің иесі сыйлық ретінде:
− қала бойынша жолбағдар;
− Нұр-Сұлтан қаласының картасы;
− Beeline сим-картасы;
− қаланың әртүрлі дәмханалары, барлары мен мейрамханаларында жеңілдіктер алады.