Енді турист жеке сақтандыруды бөлек сатып алмайды

832

Енді турист жеке сақтандыруды бөлек сатып алмайды

Қазақстандық туристік агенттіктермен операторлар турпакет аясында өзінің клиенттерін сақтандыратын болады. Бұл туралы парламент мәжілісінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Туристік операторлар мен агенттіктердің қазіргі уақыттағы тәжірибелері туристеріміздің қорғалмағанын көрсетіп отыр. Демек, турист Қазақстанға қайтып келіп, алдымен сотта туристік операторлардың (немесе турагенттіктің) жауапкершілігі барын дәлелдеп бағатын. Бұл турист үшін өте күрделі жұмыс. Себебі заңнамада туроператорлардың нақты қандай жауапкершілігі бары, ол қалайша жауапты болатыны жазылмаған. Сонымен бірге, турист бұл мәселемен Қазақстанға қайтып келгенде ғана айналыса алатын. Демек, турист шетелде толық қорғалмаған", - дейді Жанат Құрманов.

Оның айтуынша, заң жобасы іске асса шетелге шығатын туристер басқа компаниялардан сақтандыруды сатып алмайтын болады.

"Туристік операторларға  өзінің турпакеті аясында шетелге шыққан адамды сақтандыру керектігі туралы талап қойып отырмыз. Бұл сақтандыруды алу оңай болады. Демек, туристке жеке сақтандыруды сатып алу қажеттілігі туындамайды", - дейді ол.

Жанат Құрманов қазақстандық туристерді қорғау мақсатында заң жобасында шетелге шығатын туристің өзінің мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруға өту көзделіп отырғанын айтады.

"Бағдарламалар халықаралық талаптарға сай келеді. Оған туристің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге (жазатайым оқиға, шұғыл жәрдем, репатриация) байланысты негізгі әлеуметтік тәуекелдер кіреді", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу