Енді Түркістан өңірінде егістік жаңбырлатып суарылады

1687

Осы мақсатта 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған.

Енді Түркістан өңірінде егістік жаңбырлатып суарылады

Түркістан облысында егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған.

Атқарылатын жұмытар "Қазагрофинанс" АҚ тарапынан лизингілік шарт негізінде несиелендірілуде. Жалпы құны 1,5 млрд теңгеге жуық.

Жаңа суару әдісінің арқасында диқандардың өз күштерімен игере алмай жүрген бос жатқан жерлері тиімді пайдаланылатын болады деп күтілуде.

Машина станциясы техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді, әрі қауіпсіз. Энергия көзі ретінде дизель генераторы қолданылады.

Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында  арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу